Friday, 22 November,2024

Иса пайғамбармен кездесу үшін аштан өлу: Кенияда тұрғындар қырылып жатыр

Алмас Абылай
Фото ВВС

Кенияның Малинди қаласында тұрғындар жаппай көз жұмуда. Мұндай қадамға олар өз еріктерімен барып жатыр, деп хабарлайды Uaqyt.info.

ВВС агенттігінің мәліметінше қала тұрғындарының санасын "Ізгі хабар" сектасы улап тастаған. Салдарынан олар орманға барып, аштық жариялап, өліп жатыр. Тіпті қатарларында кішкентай балалар да бар.

Жергілікті полиция бұған дейін де секта туралы дабыл қағып, қалаға кіруге тырысқан. Бірақ ондағы жұрт сенімге селкеу ұялатады деген ұранмен кедергі келтірген.

Елде 15 сәуір күні "Ізгі хабар" ұйымының жетекшісі Пол Маккензи Нтенге ұсталды. Ол дәл осы халық санасын улады деген күдікпен айыпталуда. Яғни халыққа алдағы ақырзаманнан құтылу үшін "аштық жариялауды" ұсынған. Бірақ секта басшысы өз кінәсін мойындаудан бас тартты. Сөзінше ол ұйымды 2019 жылы таратып жіберген.

Қазірдің өзінде полиция 21 адамның мәйітін тапты. Құзырлы орган өлген адамдар қатары бұдан да көп болуы мүмкін деген болжам жасап отыр. Себебі тергеу жұмыстары енді ғана басталған.

"Адамдар Иса пайғамбармен кездесемін деген үмітте аштан аш өліп кетуде. Күдікті Пол Макензи Нтенге олардың миын улап тастаған", - делінген полиция жазбасында.

Сонымен қатар, мәйіттері шығарылған адамдардан ДНҚ сынамасы да алынбақ. Онда шынымен аштан өлген-өлмегені анықталады.

Айта кетейік Пол Макензи Нтенге бұған дейін де бірнеше мәрте діни экстримизмге қатысы бар деген күдікпен айыплатған. Бірақ дәлелдің жеткізіліксіздігіне байланысты ылғи да бостандыққа шығып кетіп отырды.

Ұсынылатын