- Басты жаңалықтар
- Қоғам
- "Іші толып қалыпты ғой". Әскери қызметшінің аяқты сермеп тұрып билегені қызу талқыға түсті
"Іші толып қалыпты ғой". Әскери қызметшінің аяқты сермеп тұрып билегені қызу талқыға түсті
Алмас Абылай
Фото Видеодан кадр
Интернетте әнші Кенжебек Жанәбіловтің әніне аяқты сермеп тұрып, ерекше билеп берген әскери қызметшінің қызу талқылануда, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бейнежазба әлеуметтік желіде тарады. Видеода сахна төрінде Кенжебек Жанәбіловтің ән айтып тұрғанын байқайсыз. Ал оның жанында әскери киімдегі ер кісінің ерекше билеп тұрғанын көруге болады.
Аяқты сермеп, айқастырып, қолды арлы-берлі теңселте билеген ер адамның бұл әрекеті желіде қызу талқылануда. Бірі сынға алса, енді өзгелері мазаққа айналдырған.
"Іші толып қалған екен ғой". "Карантиннен шыққан ба, не бәле". "Билей берсін, ол да адам". "Жұмыстан әбден шаршағанның белгісі". "Менің тізем бұлай бүгілмейді, сықырлап сынып кетер", - деген жазбаларын қалдыруда желідегі жұрт.