- Басты жаңалықтар
- Шоу-бизнес
- “Ішің күйсе, тұз жала”. Мақпал Жүнісова Нағима Есқалиеваға ренішін жеткізді
“Ішің күйсе, тұз жала”. Мақпал Жүнісова Нағима Есқалиеваға ренішін жеткізді
Халық әртісі, әнші Мақпал Жүнісова Нағима Есқалиеваға ренішін жеткізді. Айта кетейік, 70 жасқа толған Есқалиева өз тойында Жүнісованың атағына қатысты пікір білдірген болатын, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Әншінің 70 жас мерейтойына өнердегі әріптестері, танымал тұлғалар келді. Оның ішінде әнші Роза Рымбаева да бар.
Ол өз тілегінде Нағима Есқалиеваға “Сахнада Кеңес одағында халық әртісін алған үш әйел бармыз. Сен, мен және Мақпал. Бірақ үшеуіміз үш түрлі әлембіз”, - деген болатын. Сол сәтте Есқалиева Мақпал Жүнісованың «Халық әртісі» атағын одақ тұсында емес, Қазақстаннан алғанын айтады.
Осы сөзге шамданған әнші әлеуметтік желідегі парақшасында былай деп жазды.
«Нағима әпше, ішіңіз күйсе, тұз жалап жіберіңіз, мен өз еліме құрметтімін», - деп жазды Мақпал Жүнісова.
Желі қолданушылары Мақпал Жүнсіованың жазбасының астына түрлі пікір қалдырған. Бірі әншінің басқаларға қарағанда биік екенін айтса, келесілері мұндай сөзге көңіл аудармауға шақырған.