Thursday, 14 November,2024

Ішкі істер министрлігінің бұрынғы басшысы Ерлан Тұрғымбаев Қаңтар оқиғасы бойынша ұсталды

Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден

Қазақстанның бұрынғы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Қаңтар оқиғасы ісі бойынша ұсталғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Uaqyt.info Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Ішкі істер министрлігінің бұрынғы басшысы Ерлан Тұрғымбаевтың ұсталғаны туралы БАҚ жарыса жазып жатыр.

“Бұл шешімді арнайы прокурорлар Тұрғымбаевқа қатысты 2022 жылғы қаңтардағы қайғылы оқиғалар бойынша лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану бабы бойынша қылмыстық іс аясында қабылдады", - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, 20 наурызда Бас прокуратура Тұрғымбаевтан қаңтар оқиғасы ісі бойынша жауап алғанын хабарлаған едік.

Тұрғымбаев ІІМ-ін 2019 жылдың ақпанынан бастап басқарды. Ал 2022 жылы Қаңтар оқиғасынан кейін көп ұзамай қызметінен босатылды.

Ұсынылатын