- Басты жаңалықтар
- Әлем
- Исландия әйелдері жарты ғасыр салып тағы наразылыққа шықты: Араларында Үкімет басшысы да бар
Исландия әйелдері жарты ғасыр салып тағы наразылыққа шықты: Араларында Үкімет басшысы да бар

Исландиядағы қыз-келіншектер наразылық шеруіне шықты. Олар аптаның сейсенбі күнін әйелдер демалысы жасауды талап етуде, деп хабарлайды Uaqyt.info.
ВВС дерегіне сүйенсек, мемлекеттегі гендерлік теңдік жайы 1975 жылы ушыққан. Сол кезеңде Исландияның қыз-келіншектері қоғамда олардың да үлкен орны барын айтып наразылық шеруіне шықты. Осылайша жұмысқа араласып, өздерін еркектерден кем емесін көрсеткен.
Енді араға жарты ғасыр салып тағы көтеріліп отыр. Себеп сейсенбі күнді әйелдерге арналған демалыс күні ретінде қабылдату. Тіпті шеруге шығушылардың арасында Үкімет басшысы Катрин Якобсдоттир де бар. Олар дәл аптаның осы күнінде жұмыс істеуден бас тартып отыр.
Мемлекеттегі білім, денсаулық саласындағы қызметкерлердің басым бөлігін әйелдер құрайды. Ал сейсенбі күнгі демалыс аталмыш салалардағы жұмыс процесіне кері әсерін тигізуі мүмкін.
Әзірге бұл күні жұмыс істеуден бас тартқан әйелдер талабына нақты шешім қабылданған жоқ.