Sunday, 5 May,2024

Италия өз алаңында Англияға есе жіберді

Uaqyt.info
Фото

Футболдан Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде Италия құрамасы Англиядан 1-2 есебімен ұтылып қалды, деп хабарлайды Уақыт.кз.

Еуропа чемпионатының іріктеу сатысының алғашқы ойыны ағылшындықтар үшін сәтті басталды. С тобында өнер көрсеткен Италия Англия құрамасына есе жіберді. Ал J тобында Португалияның жолы болды. Әйгілі Криштиану Роналду бастаған жігіттер Лихтенштейн қақпасына жауапсыз төрт гол соқты. Оның екеуі  атақты футболшының еншісінде. Осылайша Криштиану Роналду әлемдік рекорд жаңартып, ұлттық құрама сапындағы 197 ойынын өткізді.

Алайда іріктеу сатысының алғашқы ойыны Қазақстан құрамасы үшін сәтсіз басталды. Кеше Қазақстан құрамасы Словенияға 1:2 есебімен есе жіберген болатын.

Ұсынылатын