Saturday, 5 October,2024

Италияда алапат су тасқанынан 500-ден астам жол жабылды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Италияда алапат су тасқынан сел жүріп, 500-ден астам тас жол жабылды. Бұған дейін табиғат апатынан 10-нан астам адам қаза болған еді, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Il Messagero басылымының жазуынша, табиғат апатынан 36 мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілген. Өйткені сел олардың үйлерін шайып кеткен.

Қазір елдегі төтенше жағдайға байланысты апаттың салдарын жою жұмыстары жүргізіліп жатыр. 500-ден астам тас жол жабылған. Айта кетейік, бұған дейін су тасқынынан 13 адам қаза тапқан болатын.

Ұсынылатын