Іздеуде болған екі қазақстандық әйел өлі табылды
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
Шымкент және Алматының іздеуде болған екі тұрғыны өлі табылды. Олардың әзірге неден көз жұмғаны белгісіз, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы LIDER.KZ еріктілері әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
Щелконогова Татьяна Алексеевна 1961 туған. Шымкент тұрғыны 19 мамырда үйінен шығып, сол күйі қайта оралмаған.
Ал 1952 жылғы Айдамирова Айша Әшімқұлқызы 2009 жылдан бері із-түссіз кеткен. Оның қаза тапқаны 22 мамырда белгілі болды. Әзірге екі әйелдің нақты неден көз жұмғаны белгісіз.