Tuesday, 1 July,2025

Израиль әскері Газаға басып кірді

Алмас Абылай
Фото ВВС

Израиль әскері палестиналық радикалды ұйым ХАМАС-ты жою және 7 қазанда Израильге шабуыл кезінде аталған ұйым тұтқынға алған адамдарды босату үшін Газа секторының аумағына кірді, деп хабарлайды Uaqyt.info.

ВВС дерегіне сүйенсек, қазіргі уақытта Газа аумағында қиян-кескі ұрыс жүріп жатыр. Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху әуе соққысынан бөлек, әскер жер арқылы да соғыс жүргізуге көшкенін мәлімдеген.

"Израиль азаматтары, өткен түні біздің құрлықтағы әскеріміз Газа қақпасынан өтіп, зұлымдық апанына кірді. Бұл – нақты мақсаты бар соғыс: ХАМАС-тың көзін жою және тұтқындарды қайтару", - деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Түркия Президенті Реджеп Тайып Ердоған Стамбул төрінде палестиналықтарды қолдау шеруін ұйымдастырған еді. Тіпті ол көшеге жиылған халыққа Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхуды террорист деп атап, Израильді басқыншылық үшін кінәлап, батыс елдерін палестиналықтарды жаппай өлтірді деп айыптады.

Ұсынылатын