Friday, 17 May,2024

Израиль Газаны толық қоршауға алды: Ердоғанның ескертуін еврейлер елей ме?

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Израиль әскері Газа секторын толықтай қоршауға алды. Тіпті Ердоғанның есертуіне қарамастан ондағы халықты жойып жіберуге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Uaqyt.info.

"Қазір Израиль Газа секторын толық және жан-жақты қоршауды жүзеге асыруда", – деді Израиль әскерінің (ЦАХАЛ) спикері Авичай Адри БАҚ-қа берген сұхбатында.

Адри Израильдің құрлық операциясының өз мақсаттарына қол жеткізілгенге дейін жалғасатынын атап өтті. Оның айтуынша, ЦАХАЛ Газа секторына әскер кіргізуге дайын.

БАҚ-тағы ақпаратқа сүйенсек, Израиль палестиналық ХАМАС қозғалысын толықтай жоюды жоспарлап отыр.

Десе де күні кеше Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған Израильге ескерту жасаған.

"Қатені түзетудің және  ақылмен әрекет етудің орнына, Израиль әкімшілігі аймақтан алыстағы субъектілерді арандататын ұйым ретінде әрекет етіп жатыр. Балаларды, әйелдерді және бейбіт тұрғындарды өлтіру, ауруханаларды, мектептерді, мешіттер мен шіркеулерді жару арқылы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мүмкін емес екені анық. Мен Израиль үкіметін бейбіт тұрғындарға жасалған шабуылдарды одан әрі көбейтпеуге және халықты жоюға бағытталған әрекеттерді дереу тоқтатуға шақырамын", - деді Ердоған.

7 қазаннан бері Израиль армиясының Палестина эксклавына жасаған соққыларының салдарынан кем дегенде 4137 адам қаза тапты, оның ішінде 1524 бала мен 1000 әйел бар. 13 мыңға жуық тұрғын жарақат алды, 1000-нан астам адам қираған үйлер мен нысандардың үйінділерінің астында қалды.

Ұсынылатын