Sunday, 8 December,2024

Израиль мен ХАМАС соғысты уақытша тоқтата тұруға келісті

Uaqyt.info
Фото

Израиль мен ХАМАС соғысты уақытша тоқтатуға келісті. Осы уақыт ішінде екі жақ тұтқынға түскендерді босатуы тиіс, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Кazinform жазуынша, келісімге сәйкес 7 қазанда Израильден ұстап әкетілген тұтқындарды босату, соғыс іс-қимылдарында үзіліс жасау және жауап ретінде израильдік түрмелерден палестиналықтардың бір бөлігін жіберу көзделген.

Келісімнің егжей-тегжейі:

ХАМАС содырлары израильдік 50 тұтқынды – тек азаматтық тұлғаларды, әйелдер мен балаларды босатады;

Израиль Газа секторында оқ атуды тоқтатады – ол 4 күнге жалғасады;

Израиль түрмелерден палестиналық 150-ге жуық адамды (цифрлар әлі нақтыланған жоқ) – әйелдер мен кәмелетке толмағандарды босатады;

Оқ ату тоқтатылған күндері Газаға гуманитарлық көмек пен отын тиелген жүк көліктері кіргізіледі.

Израильдің Haaretz басылымының жазуынша, жоспар бойынша атыс тоқтатылатын 4 күнде ХАМАС «кепілге алынған 30 баланы, 8 ананы және тағы 12 әйелді» босатады.

Израиль ақпарат құралдарының хабарлауынша, тұтқындарды босату бейсенбі күні басталуы мүмкін.

Times of Israel газеті үкіметтегі дереккөзге сілтеме жасап мәлім еткендей, келісім мақұлданғаннан кейін Израиль түрмеден шығарылатын палестиналықтар туралы толық ақпаратты жариялауы тиіс.

Ұсынылатын