Израильдегі қақтығыста қазақстандықтың қайтыс болғаны рас па?
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
Израильдегі қақтығыс кезінде қазақстандық азаматтың қайтыс болғаны жалған ақпарат болып шықты, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы Қазақстанның Сырты істер министрлгінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.
“Ақпарат шындыққа жанаспайды. Израиль билігі кестеде қате кеткені үшін кешірім сұрады”, - деді СІМ-нің ресми өкілі Айбек Смадияров.
Айта кетейік, бұған дейін Израильдің қорғаныс министрлігі ХАМАС ұйымының 7 қазандағы шабуылынан қаза тапқан және із-түзсіз жоғалып кеткен азаматтардың ішінде қазақстандықтың бар екенін айтқан болатын.