- Басты жаңалықтар
- Қоғам
- Израильдің толассыз әуе соққысы: Газа секторында қазақстандық әйел қызымен бірге қаза тапты
Израильдің толассыз әуе соққысы: Газа секторында қазақстандық әйел қызымен бірге қаза тапты
Газа секторында зымыран шабуылынан қазақстандық әйелдің қызымен бірге қаза тапқаны белгілі болды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы Tengrinews.kz жазды. Дерекке сүйенсек, палестиналық журналист Тарек Алян қазақ әйелімен жеке таныс болған екен. Ол әйелдің есімі Юлия екенін, әрі Қазақстанның тумасы, 90-жылдары Газа секторына көшіп, жергілікті тұрғынға тұрмысқа шыққанына тоқталады. Ал өзінің ата-анасы Ресейде тұрады екен. Қазақстандық әйелдің төрт баласы, екі ұл, екі қызы болған. Үлкен қызы шетелге тұрмысқа шыққан. Ал жақын арада тұрмысқа шығуды жоспарлаған кішісі анасымен бірге қаза тапты.
"Екі күн бұрын олар тұратын Газа секторының орталығындағы Дейр әл-Балах қаласына израильдік әуе күштерінің бірнеше әуе шабуылдары болды. Зымырандардың бірі олардың үйіне түскен. Ол жерде Юлияның күйеуінің туыстары, әйелдер мен балалар болған. Біздің әдет-ғұрып бойынша ерлер мен әйелдер бөлек тұрады. Сондықтан бұл кезде үйде тек әйелдер болған. Жалпы 18 адам қайтыс болды. Олардың арасында Юлия мен оның кіші қызы Лина да бар. Олардың денелері үйінді астынан шығарылды", - деді Тарек Алян.
Сыртқы істер министрлігі бір күн бұрын Қазақстан азаматы мен оның Палестина азаматы болған 23 жастағы қаза тапқанын растады.