Sunday, 8 December,2024

Кальян шегу денсаулыққа ғана зиян емес: Алматыда бір күнде 100-ден астам адамға айыппұл салынды

Uaqyt.info
Фото

Алматыда бір күнде кафе, барларда кальян шеккен 138 адамға айыппұл салынды, – деп хабарлайды Uaqyt.info.

Polisia.kz жазуынша, Алматыда жыл басынан бері 13 мыңнан астам адамға айппұл салынды. Жергілікті полиция қызметі ойын-сауық орындарындағы заң бұзушылықтардың жолын кесу мақсатында рейд жүргізді.

Барлығы 35 бар, клуб және дәмхана тексерілді. Кальян шеккені үшін 138 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Естеріңізге сала кетейік, 2013 жылдың 14 наурызында қоғамдық орындарда кальян шегуге тыйым салуды енгізу туралы қаулы күшіне енді.

Бірақ жастар заңға қайшы келіп, қоғамдық тамақтану орындарында, түнгі клубтар мен барларда кальян шегуін тоқтатпай жатыр. ҚР ҚК-нің 441-бабында көзделген бұзушылықтар анықталса, кальян шегетіндерге 15 АЕК көлемінде айыппұл салынады.

Қайталап бұзғаны үшін – 20 АЕК. Ал мекеме иелеріне 20-дан 60 АЕК-ке дейін айыппұл салынады.

 

 

Ұсынылатын