Камчаткада ең ірі жанартау атқылады
Алмас Абылай
Фото Видеодан кадр
Камчаткада ең ірі жанартаудың бірі атқылай бастады. Шивелуч деп аталатын от тауынан ұшқан күл 20 шақырымға дейін жеткен деп хабарлайды Uaqyt.info.
Шивелуч жанартауының оянғаны туралы Риа Новости жазды. Дерекке сүйенсек, отты тау таңда атқылай бастаған. Салдарынан сол маңдағы елді мекен тұрғындарына шұғыл ескерту жасалды.
Қазірдің өзінде жанартаудан ұшқан күл шоғы 20 шақырымға дейін жеткен. Жанартауға ең жақын орналасқан елді мекен Ключи, Козыревск ауылдары. Шамамен 45 шақырым аралықта.
Жанартаудан шыққан түтін мен күл иісіне уланбас үшін тұрғындарға үйден шықпауға және бетперде киюге ескерту жасалған.
Ғалымдар аталмыш жанартаудың жасын 60-70 мың жылдыққа бағалап отыр.