Жетісу облысында кәмелетке толмаған баланың кесірінен екі адам мерт болды
Uaqyt.info
Фото
Жетісу облысында жол апатынан екі адам қаза тауып, бесеуі зардап шекті, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Polisia.kz жазуынша, Сарыөзек-Жаркент тас жолының 323 шақырымында Mercedes Benz және Mazda Cronos автокөліктерінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды.
Алдын ала болжам бойынша, көліктердің бірін кәмелетке толмаған жігіт басқарғаны анықталды.
Автокөліктер соқтығысқан кезде екі адам қайтыс болды. Сондай-ақ оқиға орнынан жергілікті ауруханаға бесеуі жеткізілді.
Полиция көлік жүргізушілерінен ҚР Жол жүрісі ережелерін қатаң сақтауды талап етеді.