Friday, 20 September,2024

Кардиохирургия және трансплантология ғылыми-клиникалық орталығында алғаш рет тамырішілік протез отасы жасалды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Орталыққа келген 1960 жылы туған пациент аяғының сол жағының ауырсынуына, отадан  кейінгі жазылмайтын жарасына, ұйқышылдық сезіміне, төменгі жағының ортаңғы үштен бірі бөлігінің салқындауға шағымданып қайырылады. Бірнеше жыл бұрын оның   сол жақ саусақтарының  диабеттік іріңдеуіне ота  жасалыпты, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Тексеру кезінде науқастың сол аяқтың қан ағымы бұзылған фибула артериясының критикалық стенозы бар жіліншік артериясының бірнеше окклюзиясы анықталған. Оған аяқ тамырларының облитеративті атеросклерозы деген диагноз қойылды. Сондай-ақ одан сол жақ  жіліншік артериясының бірнеше окклюзиясы байқалған.

Оған жасалған сәтті отадан соң, қан ағымы қалпына келтіріліп, өзін аз уақытта жақсы сезіне бастады. Мамандардың айтуынша, диабеттік ауруы бар науқастарда эндоваскулярлық реваскуляризация - аяқты сақтау үшін емдеудің таңдаулы әдісі болып табылады.

Аяқ артерияларының атеросклерозы- оларды қанмен қамтамасыз ететін,  тамырларға әсер ететін созылмалы қан тамырлары ауруы. Бұл - қауіпті ауру. Одан адамның аяқ-қолы істемей, мүгедектік, тіпті өліп те кетуі мүмкін.

Төменгі аяқтың тамырларын реваскуляризациялаудың алғашқы тәжірибесін рентгенэндоваскулярлық хирургия (ЖЭХ) бөлімшесінің ангиохирургтары Есімхан Шералиев пен Тимур Сейсембеков, Вадим Сейсембеков жүргізді.

Ал, жергілікті дәрігерлерге шеберлік сыныбын  Алматы қаласы, Керуен-Medicus клиникасының бірінші санатты дәрігері, медицина ғылымдарының кандидаты, ангиохирург Ғалымжан Әзімбаев өткізді.

“Диагностика мен эндоваскулярлық реваскуляризацияның заманауи әдістерінің арқасында тарылған немесе жабық тамырдың люменін қалпына келтіру мүмкіндігі пайда болды. Бұл - аз инвазивті технология, жарақаты аз, ауыртпалықсыз, жергілікті анестезиямен, ұзақтығы 30-40 минутқа дейін жүргізіледі және пациенттің тез қалпына келуімен сипатталады. Отадан  кейін пациенттер белсенді өмір салтын жүргізе алады, спортпен шұғылдана алады. Болашақта дұрыс тамақтануды ұстану, сарысулық холестерин мен қан қысымын бақылау, жаман әдеттерден аулақ болу, дене салмағын бақылау қажет”, - деді Г.Әзімбаев.

Ұсынылатын