Friday, 22 November,2024

Кәрім Мәсімов 18 жылға сотталды

Алмас Абылай
Фото ашық ғаламтордан

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовке сот үкімі шықты, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Астанадағы мамандандырылған қылмыстық істер жөніндегі аудандық сотында Кәрім Мәсімов пен оның орынбасарлары А. Садықұловқа, Д. Ерғожин мен М. Осиповқа сот үкім шығарды.

Сот Мәсімовті қылмыстық кодекстің 3 бабы бойынша айыпты деп танып 18 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Яғни қылмыстық кодекстің 175 бабы 1 бөлігі (мемлекетке опасыздық жасады) қылмыстық кодекстің 179 бабы 3 бөлігі (ҚР-да билікті күшпен басып алды) және қылмыстық кодекстің 362 бабы 4 бөлігі 3 тармағы (билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдаланды) бойынша айыпталды. Оның мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызметте өмір бойына жұмыс істеу құқығынан айырды.

Мәсімовтің орынбасарларына 3 жылдан 16 жылға дейінгі мөлшерде жаза тағайындалды. А. Садықұлов – 16 жылға сотталса, Д. Ерғожин – 15 жылға, М. Осиповқа – 3 жылға бас бостандығынан айырылған.

Одан бөлек 10 миллиард теңге мен 24 миллион доллар тәркіленді.

Ұсынылатын