Friday, 22 November,2024

Кәрім Мәсімовтің інісі өз кінәсін мойындады

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Павлодар облысы полиция департаментінің бұрынғы бастығы Нұрлан Мәсімов шекараны заңсыз кесіп өткенін мойындады, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Кәрім Мәсімовтің інісі, бұрынғы полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов сотта шекараны заңсыз кесіп өткенін мойындады. Тіпті бұл деректі оның адвокаты да растаған. Сөзінше бұл аса қажеттіліктен болған әрекет көрінеді.

Айта кетейік, Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Нұрлан Мәсімовтің ісі бойынша сот отырысы өтіп жатыр. Оған "Аса ірі мөлшерде пара алу", "Бөтеннің мүлкін аса ірі мөлшерде иемдену немесе жымқыру", "Қазақстанның мемлекеттік шекарасын өткізу пункттерінен тыс қасақана заңсыз кесіп өту" деген үш бап бойынша айып тағылып отыр.

Еске салайық, бұған дейін Мәсімовтің елден қалай қашқаны белгілі болғанын жазған едік.

Ұсынылатын