Кәрім Мәсімовтің түрмеде отырғаны рас болса, неге бір фото не видеосы жоқ?
Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден
Қаңтар оқиғасынан кейін істі болып, 18 жылға сотталған Кәрім Мәсімов шынымен түрмеде отыр ма? Осы сұрақты тілшілер Ішкі істер минстрі Ержан Сәденовке қойды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Министр ҰҚК-ның бұрынғы төрағасы түрмеде отырғандығын баса айтты.
«Біз барлық сотталушыны көрсете алмаймыз. Ол сотталды, бас бостандығынан айыру орнында», - деді Ержан Сәденов.