Кәсіп ашқысы келетін жастарға 5 млн теңгеге дейін несие беріледі
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
Бизнес ашқысы келетін астаналық жастарға 2,5 пайызбен кредит беріледі, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің «Еңбек мобильділігі орталығы» директоры Олжас Омар Астана қаласының коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
«Жастарға қолдау көрсету тетіктерінің бірі - несие беру. Шағын несие 21 мен 35 жас аралығындағы жас кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған. Бағдарламаға жұмыс істейтін жастардың өкілдері қатыса алады. Несие 2,5 пайызбен беріледі. Сома көлемі 5 млн-ға дейін. «Басты талаптар – кепілге мүлік қою керек және тұрақты жұмысы бар болуы тиіс», - деді Олжас Омар.