Sunday, 8 December,2024

Кәсіпкер Қайрат Боранбаев 8 жылға сотталды

Алмас Абылай
Фото Ашық дереккөзден

Астанада Қайрат Боранбаевқа сот үкімі шықты. Бизнесмен енді 8 жылын тар қапаста өткізеді, деп хабарлайды uaqyt.info.

Сарыарқа аудандық №2 соты Қайрат Боранбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шығарды. Бұдан бөлек кәсіпкердің мүлкі тәркіленеді және оған өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынды. Бизнесмен жазасын қауіпсіздігі орташа түзету мекемесінде өтейтін болады. 

«ҚР Қылмыстық кодексі 58-бабының 3-бөлігіне сәйкес Боранбаев, Нахановтың мүлкін тәркілеп, 8 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалсын. Олар өмір бойы мемлекеттік қызметте, сотта, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, Ұлттық банк пен оған қарасты ведомстволарда, Қаржы нарығын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органда қызмет атқару құқығынан айрылсын. Сонымен қатар, қаржы ұйымдарында, мемлекеттік ұйымдарда, квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет етуге де тыйым салынады», - деді үкімді оқыған судья Назгүл Бапақова.

Естеріңізге сала кетейік, Қайрат Боранбаев аса ірі көлемде қаражат жымқырды деп айыпталған болатын. 

Ұсынылатын