Saturday, 23 November,2024

Кәсіпқой боксшы Бейбіт Шүменовті босатқан полицейлер қызметінен кетті

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Ішкі істер министрлігі кәсіпқой боксшы Бейбіт Шүменовті босатып жіберген полицейлердің жұмыстан қуылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Uaqyt.info.

"Жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша Есіл ауданы ПБ учаскелік полиция инспекторы атқаратын қызметінен босатылды. "Есіл" ауданы ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімінің кезекші бөлімінің жедел кезекшісі және аға учаскелік полиция инспекторы (ППП жұмысын ұйымдастыруға жауапты) қызметтік сәйкестігі толық болмағаны туралы ескертілді. Есіл ауданы ҚП бастығының орынбасары атқаратын қызметінен босатылды, аудандық басқарма бастығына сөгіс жарияланды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Астанадағы ойын-сауық орталықтарының бірінде боксшы Бейбіт Шүменов қолында кішкентай баласы бар адамға қол жұмсаған болатын. Қоғамда үлкен резонанс туғызған жағдайға байланысты полиция іс қозғады. Ал Шүменовтің өзі арадағы жанжалға жәбірленушіні кінәлады. Uaqyt.info бұл туралы бұған дейін бірнеше материал жазды.

Бейбіт Шүменов –қазақстандық кәсіпқой боксшы. Мансабын 2007 жылы бастаған. 19 жекпе-жек өткізіп, 17-де жеңіске жеткен. 2 кездесуінде қарсыласына есе жіберген. 2017 жылы жарақатына байланысты мансабын аяқтаған.

Ұсынылатын