Кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров кезекті жеңісіне қол жеткізді
Uaqyt.info

Алматыда өткен бокс кешінде жартылай орта салмақта өнер көрсететін Жанқош Тұраров (28-0, 20 KO) жапониялық Акихиро Кондоны (37-12-2, 21 КО) жеңді, деп хабарлайды Uaqyt.info.
12 раундқа жоспарланған жекпе-жекте жерлесіміз Жанқош Тұраров қарсыласы Акихиро Кондодан басым түсті. Әу баста спорт сарапшылары жекпе-жек нокаутпен аяқталады деп болжам жасаған. Бірақ жапониялық боксшы кездесудің соңына дейін табандылық танытып, төрешілердің бір ауыз шешімімен Жанқош жеңіске жетті.
Осылайша, қазақстандық боксшы өзіне тиесілі IBO белбеуінен бөлек енді WBA Gold белбеуін де иеленді.