Sunday, 28 April,2024

Каспий теңізі тартылып барады

Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден

Каспий теңізін әуеден түсірілген видеосы көпшілікті алаңдатып қойды. Онда теңіздің біршама тартылғанын көруге болады, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Теңіздің видеосы блогер Нұркен Тәжібай өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Кадрларда жағалау сызығы бұрын су болған жерден қалай алыстап кеткені көрсетілген.

"Теңізіміз алысқа кетіп қалыпты былтырға қарағанда. Каспий тез таяздап барады", - деп жазды блогер.

Видеоға алаңдаушылық білдірген желі қолданушылары түрлі пікір жазып жатыр.

Ұсынылатын