Каспий теңізінде жер сілкінді
Uaqyt.info

Каспий теңізінде магнитудасы 4,0 болатын жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясы жанындағы Республикалық сейсмологиялық қызмет орталығының хабарлауынша, жер асты дүмпуі 21 сәуірде сағат 08:56-да Ақтаудан 405 шақырымдай жерде болған. Су астындағы жер сілкінісі 56 шақырым тереңдікте болды.