Saturday, 23 November,2024

Каспий теңізіне балық аулауға кеткен екі адам іздестіріліп жатыр

Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден

Маңғыстау облысында балық аулауға шыққан екі адам хабар-ошарсыз кетті, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті Төтенше жағдайларды жою басқармасы бастығының міндетін атқарушы, азаматтық қорғау аға лейтенанты Пірімжан Дінмұхаммедтің айтуынша, екі балықшы теңізге шығып, сол кеткеннен әлі оралмаған.

Қазіргі уақытта оларды іздестіру жұмыстарына ТЖД жеке құрамынан 13 адам, 4 бірлік техника, 3 бірлік жүзу құралы, 1 бірлік ұшқышсыз ұшу аппараты, ҰҚК Шекара қызметінен 21 әскери қызметкер, 1 кеме, «Қазавиақұтқару» АҚ 3 адам, 1 бірлік Ми-8 тік ұшағы жұмылдырылды.

“3 сәуір күні сағат таңғы 07:40 шамасында Түпқараған ауданының орталығы Форт Шевченко қаласынан Қызыл Өзен ауылы бағытына қарай Үрдек (Асан) теңіз жағасынан шамамен 25-30 шақырым қашықтықта 1985 және 1982 жылдары туған екі ер адам шыққан. Екі азамат ашық теңізге түнгі 22 сағат 30 минут шамасында үрлемелі қайықпен балық аулауға кетіп, оралмағаны туралы Төтенше жағдайлар департаментіне хабарлама келіп түсті. Ақпаратқа сәйкес екі азаматта балық аулау торы болған. Шақырту түскен сәттен бастап іздестіру-құтқару жұмыстары басталып, жүргізіліп жатыр. Бірақ әзірге нәтиже жоқ”, - деді Пірімжан Дінмұхаммед.

Ұсынылатын