Thursday, 19 September,2024

Каспий теңізіне шомылуға барған үш қыз іздестіріліп жатыр

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Ашық теңізге үрмелі матраспен шыққан үш қыз іздестірілп жатыр, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қыздара ашық теңізге 24 шілде күні шыққан. Әзірге олардың не өлі, не тірі екенкітері белгісіз.

«Төтенше жағдайлар департаменті, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі, Полиция департаменті күштерімен үрлемелі матраста ашық теңізге кеткен үш қызды іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Іздестіру жұмыстарына Қазавиақұтқару тікұшағы тартылды. Іздеу жұмыстарының нәтижелері қосымша хабарланады», - деді баспасөз қызметіндегілер.

Ұсынылатын