Friday, 22 November,2024

Каспий теңізінің тартылуына байланысты төтенше жағдай жарияланды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Ақтауда Каспий теңізінің тартылуына байланысты төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы Ақтау қаласы әкімдігі хабарлады.

"Бүгін, 2023 жылдың 7 маусымы сағат 15:00-де Каспий теңізінің тартылуына байланысты болуы мүмкін төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында Ақтау қаласы ТЖ алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысы өтті. Нәтижесінде жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы шешім қабылданды", - делінген хабарламада.

Ұсынылатын