- Басты жаңалықтар
- Оқиға
- Кәуап істеймін деп, шатырды өртеген: Атыраулық полицейлер жалындаған көпқабатты үйден 25 адамды эвакуациялады
Кәуап істеймін деп, шатырды өртеген: Атыраулық полицейлер жалындаған көпқабатты үйден 25 адамды эвакуациялады
Атырауда көпқабатты тұрғын үй өртенді. Куәгерлер тілсіз жау сондағы азаматтардың бірі кәуап істеймін деген әрекетінен туғанын айтуда, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Көпқабатты тұрғын үйдің жалынға оранғанын полиция хабарлады. Дерекке сүйенсек, 5 мамыр күні сағат 19:32 шамасында Атыраулық полиция қызметкерлеріне 101 өрт сөндіру арнасынан қала аумағында орналасқан көпқабатты пәтерлердің жоғарғы шатыры өртеніп жатқандығы жөнінде хабарлама келіп түскен. Аталған хабарлама бойынша полиция майоры Қуаныш Бозақаев пен полиция капитаны Ерлан Мырзагереев аталған мекен-жайға 4 минутта жеткен.
Осылайша 9 қабатқа пәтер иесімен бірге жедел түрде көтеріліп, тұрғындарды эвакуациялауға кедергі келтіріп қалың қара түтін будақтап жатқан өртті өшіруге кіріскен. Өйткені, шатырдан шыққан өрт жоғары қабаттағы пәтерлердің қылтимасына өтіп пәтерлер өртене бастаған. Қос полицей қауіптің алдын алуға әрекеттеніп, дер кезінде пәтердің өртін ауыздықтап 25 тұрғынды эвакуациялап, қауіпсіз жерге шығарды.
Көп қабатты үйдің шатырындағы тілсіз жауды өрт сөндірушілер 1 сағат ішінде толық ауыздықтады. Зардап шеккендер жоқ.
Кейіннен куәгерлер бұл өрттің сондағы тұрғындар әрекетінен шыққанын айтқан. Яғни тұрғын террасада кәуап істемекші болыпты. Бірақ оның соңы осындай жағдайға алып келген.