Monday, 29 April,2024

Казиноға миллиондап ұтылған Қайраттың қарызын Болат Назарбаев жауып берген

Алмас Абылай
Фото

Болат Назарбаевтың тоқалдарының бірі болған актриса Динара Әлжан әнші Қайрат Нұртасқа қатысты ел естімеген құпияның бетін ашты, деп хабарлайды Уақыт.кз.

“Уақыт көрсетеді” бағдарламасына берген сұхбатында Динара Әлжан әншілерге қалай жем болғанын және шоу-бизнестегі біраз былықтың бетін ашты. Оның айтуынша, әнші Қайрат Нұртаспен ол казинода танысыпты.

“Казиноға Кентал деген әншімен бірге бардым. Барсақ Кайрат Нұртас отыр екен. Көңіл-күйі жоқ кофе ішіп отыр, казиноға ұтылып қалыпты. Содан ол менен көлігімді сұрады. Бірақ ертеңіне қойып берем, үстінен екі мың доллар берем деді. Халықтың баласы сондай жерде жүргенін өзім бірінші көргеннен кейін бе, оны аяп кеттім. Бірақ келесі күні Қайрат хабарласып менің көлігімді қайтарды. Бірақ екі мың долларын алған жоқпын. Қайрат та казиноға қатты кіріп кетті. Қарызға белшесінен батып, содан ол менен тағы  көмек сұрады. Кейіннен мен оған Болаттан сұрап көр деп кеңес бердім. Сол кезде күйеуім оның барлық қарызын жауып берді”, - деді Динара Әлжан.

Сұхбат барысында актриса Болат Назарбаевтың Қайратқа қанша мың доллар бергенін ашып айтты. Бірақ кезінде көмектескен жақын досымен қазір өте сирек кездеседі екен. Уақыт.кз бұған дейін әншінің есірткіге қалай тәуелді болғанын жазған болатын. 

@zhylkyshybaynurseiit #жылқышыбай #жылқышыбаймен #жылқышыбайнұрсейіт #уақыткөрсетеді #уақыткз #болатназарбаев ♬ оригинальный звук - Жылқышыбай⚡️

Ұсынылатын