Saturday, 23 November,2024

Кек алу ма? Түркия Ирактың солтүстігіне әуе соққыларын жасады

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Түркия билігі Ирактың солтүстігіне әуеден жойқын соққы жасады. Бұл Анкарадағы жағдайға жауап ретінде жасалған әрекет, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Шетелдік БАҚ дерегіне сүйенсек, Түркияның әскери-әуе күштері Ирактың солтүстігіндегі күрд көтерілісшілерінің базаларына соққы жасаған. Қорғаныс министрлігі Күрдістан жұмысшы партиясы содырларының бункерлері, баспаналары мен қоймаларын қоса есептегенде 20 нысан жойылғанын мәлімдеді.

Әрі көрші елдің аумағына жасалған соққыларды БҰҰ Жарғысының өзін-өзі қорғау құқығын қарастыратын 51-бабымен түсіндірді.

Айта кетейік, бұған дейін Анкарадағы ішкі істер министрлігі ғимаратының маңында 2 лаңкес жарылыс ұйымдастырды. Салдарынан бірнеше полицей жарақат алды. Көп ұзамай бұл жағдайды күрд ұлтшылдары өз мойнына алған.

Ұсынылатын