- Басты жаңалықтар
- Сот
- "Кек алу мақсаты..." Мұхамедиұлының адвокаты арызды Тұңғышбай Жаманқұлов жазғанын айтты
"Кек алу мақсаты..." Мұхамедиұлының адвокаты арызды Тұңғышбай Жаманқұлов жазғанын айтты
Алмас Абылай
Фото ашық ғаламтордан
Адвокат Төлеев қорғауындағы экс-шенеунік Арыстанбек Мұхамедиұлына Тұңғышбай Жаманқұлов арызданды деп отыр. Тіпті мұндай әрекетке танымал актер кек алу мақсатын көздеген, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы адвокат БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында тоқталды. Сөзінше белгілі театр және кино актері Тұңғышбай Жаманқұлов прокуратураға арызданып, салдарынан Мұхамедиұлына қылмыстық іс қозғалыпты.
"Тұңғышбай Жаманқұлов көпекөрнеу жалған ақпарат таратып, менің қорғауымдағы Арыстанбек Мұхамедиұлынан кек алу мақсатында жалған деректерді алға тарта прокуратураға арызданған. Соның негізінде заңсыз қылмыстық іс қозғалған. Мұнда саяси астар жоқ, тек кек алу мақсаты. Кезінде Тұңғышбай Жаманқұлов өзі істі болғанда Мұхамедиұлы себеп деп ойлаған. Сондықтан кек алу мақсатында арызданып отыр", - деді адвокат.
Еске салайық, бұған дейін Астанада Арыстанбек Мұхамедиұлының соты онлайн өтіп жатқанын жазған едік.