- Басты жаңалықтар
- Оқиға
- Кек алу үшін қаққан: Түркістан облысында тұрғын депутат бастаған топты көлікпен қуды
Кек алу үшін қаққан: Түркістан облысында тұрғын депутат бастаған топты көлікпен қуды
Түркістан облысында тұрғын депутат бастаған топты көлігімен қуып жүріп қақты. Ол мұны кек алу мақсатында жасаған, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Тұрғынның көлікпен көшедегі бір топ адамды қуып жүріп қаққан бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады. Журналист Гүлбану Әниятқызы өз парақшасында оқиғаның қалай өрбігенін түсіндірген. Сөзінше мәслихат депутаты бірқатар азаматтармен ауылда тексеру жұмыстарына шығады. Сол кезде алаңдағы жігіттердің добы гүлдерге ұшып, бүлдіргенін байқайды. Артынша әлгі азаматқа ескерту жасапты.
"Осы жерде ерегіс басталып, депутаттың қасындағы қызметкері (көк футболка) жаңағы жігітке жұдырық жұмсайды. Бұған ерегіскен жігіт көлігіне мініп, депутат бастаған топты әдейілеп кеп соғады. Қайта бәрі аман. Біреуіне операция жасалған. көлік астына түскен азаматтардың бірі - мәслихат депутаты әрі көгалдандыру мекемесінің директоры", - дейді жазбасында.
Сондай-ақ, оқиғаның Түркістан облысы, Мақтарал ауданындағы Мырзакент ауылында болғаны да айтылады.
Қазіргі уақытта бұл іс бойынша полиция тексеру жұмыстарын жүргізуде.