Tuesday, 22 October,2024

“Келініміз ұл тапты”. Димаш Құдайбергеннің анасы қуанышты жаңалығымен бөлісті

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Димаш Құдайбергеннің анасы Света Айтбаева отбасылық досы Ұлықпан Жолдасовтың отбасындағы қуанышты жаңалықпен бөлісті. Оның айтуынша, композитордың келіні өмірге ұл бала әкелген, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Сүйінші жаңалығын Света Айтбаева “Оян” бағдарламасында айтты.

"Қаншама келініміз ұлтабар жеп, ұлды болып жатыр. Кеше тағы бір келін ұл тапты. Оны сіздер жақсы танисыздар. Бізге атұстарды дүниеге әкелген келін – Ұлықпан Жолдасовтың келіні. Ұлы Болат пен келіні Алтынай ұлды болып жатыр. Перзентханадан шығарып алуға барамыз", - деді Света Айтбаева.

Ұсынылатын