Sunday, 8 December,2024

"Келіншегімнің жылай бергенінен шаршадым". Белгілі блогер Елдос Қәдірханов неліктен бала сүйе алмай жүргенін айтты

Алмас Абылай
Фото instagram.com/eldos_kalabok/

Халық арасында "колобок" лақап атымен таныс блогер Елдос Қәдірханов жеке өміріндегі ең қиын құпияны ашты. Сөзінше отбасы болған 7 жыл уақыт ішінде әлі бала сүйе алмапты, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Блогер жеке өміріндегі мәселені TALK LIKE бағдарламасында айтқан. Сөзінше үйленгеніне 7 жылға жуықтаған. Осы уақыт аралығында айналасындағы адамдардың бала мәселесіне байланысты ақыл-кеңесі мен ой-пікірінен шаршаған.

"Басында не болды деп сұрайды. Қазақта әйелді кінәлайды ғой бірінші. Бала болмай жатса кінәлі әйел. Келіншегім көңіліне алып қалады, жылап. Қазір енді ақыл айтады. Қарал, емдел деп. Туыс, жақындар бітіп, енді оқырмандар жазатын болды. Көп нәрсені айтады. Соған қарап неше түрлі әдістері бар екенін аңғарасыз. О кісілер шын ниетпен жазады ғой. Бірақ сол жазбалар кейде көңілге тиеді", - дейді блогер.

Сондай-ақ ол оқырмандарының ішіндегі ең ауыр пікірге де тоқталады. Әрі бұл мәселеге ең басты кінәлі адам өзі екенін ашық айтады.

"Сенде 100 пайыз бала болмайды" деген пікір қатты көңілге тиді. Пенде болған соң бал аштыруға да бардық, сол жерде де айтты. Бала асырап ал деп. Дәрігерлер де айтты. Сұрақтар мен келіншегімнің жылай бергенінен шаршадым. Жанға батады. Кінә менен, менің басымдағы жағдайдан бала жоқ. Бұл диагнозбен жүргеніме 10 жыл. Үйленер алдында мен әйеліме ашып айттым. Ол жылады, жоқ деген жоқ, иә деген де жоқ. Содан келесі күні датаны қойып, алып қашып кеттім", - дейді Елдос Қәдірханов.

Ұсынылатын