Saturday, 23 November,2024

Келіншек әжесінің атындағы үйге иелік ету үшін 3 жастағы баласын өлтіруге киллер жалдаған

Алмас Абылай
Фото CNN

АҚШ-та келіншек өзінің 3 жастағы ұлын өлтіруге киллер жалдаған. Осылайша әжесінің басындағы баспананы алып алмақшы болыпты, деп хабарлайды Uaqyt.info.

CNN дерегіне сүйенсек, келіншектің өзі 18 жаста. Джасмин Паез өзі білмей кісі өлтірумен айналысатын адамдарды анықтауға арналған жалған веб-сайтта өз баласын өлтіруге тапсырыс берген. Ал сайт операторы бұл жағдайға алаңдап бірден полицияға хабарласыпты.

Осылайша құзырлы орган Паезді қамауға алған. Өз баласын өлтіруге тапсырыс үлгісін толтырған кезде, Паез жалған есімді қолданып, баласын мүмкіндігінше тезірек алып кетуді және өлтіруді сұрапты. Кейін белгілі болғандай әжесінің басындағы баспана үшін осындай әрекет жасаған.

Әжесі сайтта көрсетілген фотосуреттегі туған немересі екенін, ал телефон нөмірі – қызыныкі екенін растады. Сонымен қатар өз ұлын өлтірту үшін 3 мың доллар ұсынған екен.

Ұсынылатын