Friday, 22 November,2024

"Кемпірде ұят жоқ". Ақтөбеде жас жігіт зейнеткерге үйленген

Алмас Абылай
Фото Коллаж/uaqyt.info

Интернетте жас жігіттің зейнет жасындағы әйелмен жұптасқан бейнежазбасы тарады. Жұрт бұл әрекетті сынға алуда, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бейнежазба әлеуметтік желіде тарады. Видеода егде жастағы әйелдің шаңыраққа жас жігітпен кіргенін көресіз. Мұнан кейін сондағы келіншектердің бірі әлгі әйелдің басына орамал тағады.

"Ақтөбеде 32 жастағы жігіт зейнеттегі кемпірге үйленді", - деп жазылған бейнежазбаға.

Желідегі жұрт олардың әрекетін сынға алған. Бірі кемпірде ұят жоқ екен десе, енді өзгелері жігітті үйі мен зейнетақысы үшін алған шығар дегенге тоқталыпты.

Ұсынылатын