Кемсіту ме, көреалмаушылық па? Үндістан мен Қытай арасында дау шықты
Қытай мен Үндістан мемлекеттері арасында дау шықты. Мәселе Азия ойындарына байланысты туындаған, деп хабарлайды Uaqyt.info.
ТАСС-тың жуынша, тіпті Үндістан наразылық білдіру үшін бұл жарысқа қатысудан бас тартқан.
Мәселе Үндістандағы Аруначал-Прадеш штатынан жарысқа қатысуға өтінім берген 3 спортшыға байланысты туған. Яғни Қытай билігі оларды аккредитациядан және Ханчжоудағы 19-шы Азия ойындарына қатысуға рұқсат беруден бас тартқан. Осыған байланысты Үндістанның Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасап отыр.
"Үндістанның ақпарат, хабар тарату, жастар ісі және спорт министрі Анураг Сингх Тхакур шекаралық Аруначал-Прадеш штатының кейбір үнді спортшыларына виза берілмеуіне наразылық білдіру үшін 19-шы Азия ойындарына Қытайға жоспарланған сапарын тоқтатты. Үндістан үкіметіне белгілі болғандай, Қытай билігі Аруначал-Прадештен келген кейбір үнді спортшыларын аккредитациядан және Қытайдағы Ханчжоудағы 19-шы Азия ойындарына қатысуға рұқсат беруден бас тарту арқылы әдейі кемсітті", - делінген ақпаратта.
Айта кетейік, Аруначал-Прадеш штаты 1962 жылы Қытай-Үндістан шекарасындағы қақтығыстан кейін құрылған. Үндістан 1960 жылдан бері 38 000 шаршы метрден астам жердегі Джамму және Кашмир одақтық территориясында Қытайдың егемендігіне қарсы шығып келеді. Ал Қытай болса Аруначал-Прадеш штатындағы 90 мың шаршы км-ді талап етіп, үлесіміз бар деп отыр.