Sunday, 12 May,2024

Кеңейген мектеп, жайлы тұрғын үй: Қоғамдағы өзекті мәселелерді оң жолға қоюға кәсіпкерлер де кірісті

Uaqyt.info
Фото

Ел іші заман ағымына сай күн санап көркейіп келеді. Әр қалада бой көтерген көпқабатты тұрғын үйлер мен ғимараттар, жап-жаңа ойын алаңдары мен көгалданған саябақтар, сәнге оранған көшелер халық игілігі үшін атқарылып жатқан ілкімді істер қатарында, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Десе де бұл бағытта өзекті проблемалар да аз емес. Әсіресе білім саласы мен қаланың күре тамырына айналған көне үйлер сол тізімнен. Себебі жыл сайын мектеп табалдырығын аттаған өскелең ұрпаққа орын жетіспеушілігі қатты байқалады. Билік шешімін табуға тырысқанымен, бәрібір бұл жыртықты толық жамай алмай жатыр.

Содан да болар ел қамы ұлт ертеңі деген ұранды кәсіпкерлер де берік ұстана бастағандай. SABA GROUP KZ компаниясының әр жұмысынан соны айқын байқайсыз. 10 жылдан аса тарихы бар компанияның атқарған ісі өте көп. Нәтижелі еңбектің ізін әр саладан көруге болады.

Статистикалық дерекке сүйенсек, елімізде демографиялық өсім ерекше қарқын алған. Жыл сайын 400 мыңға жуық сәби дүниеге келеді. Ал оларға білім беру мәселесі тұралап тұр. Оңтүстік мегополис Алматы қаласы бұл мәселені биыл толық шештік дегенімен, ел бойынша 250 мыңға жуық балаға орын жетпейді екен. Салдарынан үш ауысымда оқуға мәжбүр.

Әрине Алматыдағы мұндай жайтты жоюда SABA GROUP KZ-тің де үлесі бар. Компания халық көп шоғырланған шағын аудандардың бірінде 600 балаға ыңғайлы ғимарат салып берді. Бұл №125 мектеп қабырғасына жалғанып салынған нысан. Онда 11 оқу кабинеті, спортзал бар. Сонымен қатар мектеп ауласындағы спорттық алаң да жаңарды. Компания мұндай келісімге «Алмагүл» шағын ауданында қолға алған «Комфорт-сити» тұрғын үй кешенін тұрғызу кезінде келген. 

«Тұрғын үй кешенін салып бастағанда халық болашағын да ойлауымыз керек болды. Себебі онда тұратын тұрғындар балаларын мектепке апарады емес пе. Жайлылық, қолжетімділік пен ыңғайлылық қазір заман талабы. Бүгінде біздің тізімде балабақша құрылысы, медициналық орталық, полиция бөлімшесі мен ескі үйлерді абаттандыру, құбыр-кәріз желілерін жаңалау жұмыстары да бар», - дейді SABA GROUP KZ компаниясының президенті Ержан Абдикадиров.

Шынында құрылыс компаниясы жоспарын жүзеге асыру үшін міндетті түрде сол маңдағы тұрғындардың ықыласын алуды жөн көреді. Өйткені жаңа әрі биік ғимараттар қаланың күре тамырына айналған ескі үйлерді тасасында қалдыруы мүмкін. Осындай түсініспеушіліктерге жол бермеу мақсатында компания халық пікірін тыңдайды. Тіпті олардың да ұзақ жылдан бері беті жазылмаған жарасын емдеп беруге тырысады.

«Құрылыс жұмыстарын бастар алдында әрдайым сол маңайдағы көршілермен тіл табысамыз. Бұл нәтижелі істің кепілі. Осындай қадаммен бұған дейін салған екі тұрғын үй кешені айналасындағы халықтың маңызды мәселелерін шешкеніміз бар. Мысалға Төлебаев пен Гоголь қиылысындағы нысанды тұрғызу кезінде ондағы тұрғындардың ауласы абаттандырылды. Үйлерінің кіре берісі мен шатырын жаңарттық. Дәл осындай іс Төлебаев және Бөгенбай батыр қиылысында да атқарылған. Гагарина Әл-Фараби даңғылының қиылысындағы ескі үйлердің шатыры, қасбеті жөнделді. Тіпті өз жұмысымыздан бөлек көршілеріміздің инженерлік желілерін, құбыр-кәріз жүйесін, жылыту батареяларын да ауыстырып берген болатынбыз. Жалпы айтқанда халықтың өтінішін жерде қалдырмаймыз», - дейді компания президенті.

Алматыдағы халықтың баса мән беретін талабы баспана алар бұрын оның сапасы мен орналасқан аумағынан бөлек, сейсмикалық қауіпсіздігіне де қарауы. SABA GROUP KZ-тің осы тұста ұтары көп. Себебі компания қандай нысан салмасын міндетті түрде сараптамадан өтеді. Әрі толық құрылыс аяқталған сәтте тексерушілердің сүзгісін ысырып тастаған емес.

«Қалада қандай нысан тұрғызбас бұрын алдымен мемлекеттік тексеруден өтуі тиіс. Әсіресе көпқабатты тұрғын үйлер сейсмоқауіпсіздігі басты орынға қойылады. Мысалға компания «Комфорт-сити» тұрғын үй кешенін салар кезде Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институтының техникалық талаптарын ескерді. Сонымен қатар институт берген талап өзге нысандарда да қатаң сақталуда. Яғни қазіргі таңда компания 2 жоба бойынша жұмыстарын бастады. Біріншісі Медеу ауданында бой көтеретін «Arman City» кешені. 9 гектар аумақта 52 үй салынады. Кешеннің өз мектебі болады. Әлеуметтік-тұрмыстық жобалар да қарастырылған. Екінші нысан Сәтпаев пен Манас көшелерінің қиылысындағы «SABA TOWER HOTEL» құрылысы. 23 қабатты ғимаратта мейрамхана, жұмыс кеңселері, паркинг, тағы басқа бизнес жобалар жүзеге асады», - деп қорытындылады сөзін Ержан Абдикадиров.

Кәсіптің кемелденуі компания жобаларымен жүзеге асып қана қоймайды. Халықтың алғысымен,  қоғамға берген үйлесімді істердің маңызға ие болуымен де астасып жатыр. SABA GROUP KZ-тің әр қадамынан осы игілік ерекше көрініп тұр.

 

Ұсынылатын