Кентауда ер адам аулада ойнап жүрген жасөспірім қызды себепсіз сабап тастады
Түркістан облысы Кентау қаласында полицейлер ер адамды ұстады. Ол аулада ойнап жүрген кішкентай қызды себепсіз сабап тастаған, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы ішкі істер департаменті хабарлады. Дерекке сүйенсек оқиға кешкі сағат 23;15-те тіркелген. Полицияға жасөспірім қыздың дене жарақатымен ауруханаға түскен жайлы хабарлама келіп түседі. Тексеру барысында, сағат 20:30 шамасында аулада ойнап жүрген қызды белгісіз біреу себепсіз ұрғаны анықталды.
"Оқиға болған сәтте түсірілген бейнежазба анықталды. Оның негізінде күдіктінің жеке басы белгілі болды. Ер адам полиция бөліміне жеткізілді. Ол бұрын сотты болған жергілікті тұрғын болып шықты", - делінген ақпаратта.
Сондай-ақ бұл жағдай бойынша қылмыстқ кодекстің 293-бабы 1-бөлігі "бұзақылық" бойынша тіркеліп, қылмыстық құқық бұзушылық ҚР ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігі, 120-бабының 4-бөлігі бойынша қайта сараланды. Күдікті қамауға алынды. Оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.
Бірқатар сараптамалар тағайындалды. Жәбірленушінің жағдайы бірқалыпты.