Saturday, 23 November,2024

Кентауда мұғалімнің көмекшісі оқушыларға күш көрсеткен

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Кентаудағы білім беру мекемелерінің бірінде мұғалімнің көмекшісі балаларға физикалық күш көрсеткен, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы адам құқықтары жөніндегі уәкіл Telegram-дағы ресми арнасында жазды.Онда адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Түркістан бойынша өкілінің көмегімен лицей оқушыларына қатысты физикалық күш қолдану фактісі анықталғаны жазылған.

“Кентауда жан түршігерлик оқиға орын алған. Лицей-интернат оқушылары бірінің анасы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Түркістан облысы бойынша өкіліне хабарласып, баласына, сондай-ақ басқа оқушыларға білім беру мекемесі мұғалімінің көмекшісі физикалық және психологиялық зорлық-зомбылық көрсетіп жатқанын жеткізген”, - делінген жазбада.

АҚЖУ өкілі оқушылардың ата-аналары, қалалық прокуратура және Түркістан облысы білім басқармасы өкілдерінің қатысуымен жедел қабылдау ұйымдастырып, нәтижесінде білім басқармасына сауал жіберілді.

Тексеру барысында күш қолдану және моральдық қысым көрсету фактілері расталды. Ал мұғалім көмекшісінің лицейде волонтер болып жұмыс істегені белгілі болды. Ол осы әрекетінен кейін білім мекемесіндегі жұмысынан кетті.

Сондай-ақ қызметтік міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін лицей-интернатының директоры, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, тәрбие психологы, сынып жетекшісі сөгіс түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Ұсынылатын