Saturday, 23 November,2024

Кентауда үш қыз құрбысын жабылып ұрып, ауруханадан бір-ақ шығарды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Кентауда кәмелеттік жасқа толмаған үш қыз бір қызды тепкінің астына алған. Алған соққылардан жәбірленуші ауруханаға түсті, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы otyrar.kz жазды. Қыздар төбелесі маусымның 15-нен 16-на қараған түні болған. Жәбірленушінің анасының айтуынша, оның қызын үйдің ауласында үш қыз жабылып, ұрып кеткен.

Түркістан облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, даудың басына жас қыздардың жанжалдасып қалғаны себеп болыпты.

Ал таяқ жеген қызға дәрігерлер жабық бас ми жарақаты деген диагноз қойған. Ол ауруханада ем қабылдап жатыр. Полиция тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын айтты.

Ұсынылатын