Saturday, 23 November,2024

Кентауда жел ұшырып кеткен шатыр адамның басына құлады

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Кентауда құлаған шатырдың бір бөлігі адамның басына түсті. Мұғалім ауруханада ем алып жатыр, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Түркістан облысындағы қатты дауылдан құлаған шатыр мұғалімді жарақаттады. Басынан ауыр соққы алған педагог тарвмотология бөлімінде жатыр. Оның басы жарылған.

Айта кетейік, дүлей дауыл Түркістан облысының тұрғындарын бірнеше күннен бері әбігерге салуда. Өйткені қатты жел нысандардың шатырын ұшырып, адамдардың өміріне қауіп келтіріп жатыр. Осыған байланысты өңірдегі мектептердің барлығы онлайн форматқа көшірілген.  

Ұсынылатын