Friday, 22 November,2024

Кентаудың бұрынғы әкімі Рашид Аюпов алты айдан бері қамауда отыр

Uaqyt.info
Фото Facebook/Түркістан облысы әкімдігі

Кентау қаласының экс-әкімі Рашид Аюповтың өткен жылдың қазан айынан бастап қамауда отырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Рашид Аюпов 2022 жылдың 17 қазанынан бастап Астанадағы қылмыстық атқару жүйесі департаментінің №64 тергеу изоляторында қамауда отыр. Оның үстінен ҚК 28 бабы 4-бөлігі, сондай-ақ ҚК 312 бабының 5-бөлігі бойынша іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

“Тергеу изоляторларында қамауда отырғандардың қолданыстағы заңнамаға сәйкес құқығы мен міндеті бары айтылды. Сондай-ақ, олардың мекеме кітапханасынан кітап алуға, адвокаттармен, қоғамдық қорғаушылар және туыстарымен кездесуге мүмкіндігі бар”, - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Рашид Аюпов 2022 жылдың наурызында Түркістан облысы Кентау қаласының әкімі болып тағайындалған болатын. 

Ұсынылатын