- Басты жаңалықтар
- Әлем
- Кешігіп жеткен мәйіттер: Украинада қаза тапқан 26 жауынгердің денесі Якутияға жеткізілді
Кешігіп жеткен мәйіттер: Украинада қаза тапқан 26 жауынгердің денесі Якутияға жеткізілді
“Дождь” арнасының хабарлауынша, мәйіттер тиелген ұшақ жаңа жылға дейін келуі тиіс болған. Бірақ ауа райының қолайсыздығына байланысты бүгінге дейін шегеріліп келіпті, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Майдан даласында қаза тапқан жауынгерлердің барлығы жап-жас жігіттер. Мәйіттерді жүк көлігіне тиеп жатқан сәттің видеосы әлеуметтік желіде пайда болды. Бейнежазба авторының айтуынша, ұшақ Якутияның Нерюнгри әуежайына қонған.
Ол сарбаздардың мәйіттерін алдыруға марқұмдардың туыстарының Путинге хат жазуы түрткі болды дейді. Өйткені олардың денесі жаңа жылға дейін жеткізілуі тиіс болған. Бірақ ауа райына байланысты осы күнге дейін шегеріліп келіпті.
Сондай-ақ бейнежазбада Владимир Путиннің Якутияға келетіні туралы айтылады. Бірақ Ресей президенті техникалық жағдайлрға байланысты сапарынан бас тартқан. \