Thursday, 14 November,2024

“Кешіресің бе?” Әйелінің табанын итше жалаған ер адам қызу талқыға түсті

Uaqyt.info
Фото

Әлеуметтік желіде әйелінен тізерлей кешірім сұрап, табанын жалаған ер адам қызу талқыланып жатыр. Желі қолданушылары соқталдай еркектің бұл әрекетін сынап тастаған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Кешірім сұраған ер адамның видеосы Facebook әлеуметтік желісінде пайда болды. Онда тізерлей отырып, төсекте жатқан әйелдің табанын итше жалап жатқан еркекті көруге болады.

Ол өзіне өктем сөйлеп жатқан әйелден “кешіресің бе?” деп жалына сұрайды. Әзірге видеоның қашан және қайда түсірілгені белгісіз. Ал желі қолданушылары ез еркектің әрекетіне түрлі пікір қалдырған.

“Қатынның табанын жалағанша өлгені артық. Жастарға не үлгі?! Алла сақтасын”, “Қатыннан қорқатын мез еркектер жетерлік. Қатыннан таяқ жеп, ата-анасына, туған-туыстарына, қотыр тілімен орағытатын әйелдер баяғыдан бар. Қатыны байының иығына шаншықыны тығып алған қатынды да көргенбіз”, “Екеуі де азғын ғой сөз жоқ айтатын. Мынау еркек емес ез ғой. Әйелі хайуан екен”, “Ойбай есігінен төріне дейін шашылып жатыр ғой құрсын қандай қатын мынау көргенсіз”, “Еркекті жерге тыққан бұл қатында сыбағасын Алладан алсын”, - деп жазды желі қолданушылары.

 

Ұсынылатын