- Басты жаңалықтар
- Мәдениет
- "КГБ ұстағанда тергеушіге сұрамағанды жазып берген": Хасен Қожа-Ахмет белгілі композитор Төлеген Мұхамеджановтың сатқын екенін мәлімдеді
"КГБ ұстағанда тергеушіге сұрамағанды жазып берген": Хасен Қожа-Ахмет белгілі композитор Төлеген Мұхамеджановтың сатқын екенін мәлімдеді
Белгілі композитор Хасен Қожа-Ахмет өнердегі әріптесі Төлеген Мұхамеджанов туралы сырды ашты. Ол оның КГБ-ға өзін сатып кеткеніне тоқталған, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Хасен Қожа-Ахмет белгілі композитор Төлеген Мұхамеджановтың сатқындығы туралы "Тілеуханұлымен сұхбат" бағдарламасында айтты.
"КГБ ұстаған кезде Төлеген Мұхамеджанов деген композитор сымақ бар ғой. Тергеушіге сұрамаған нәрселерді айтқан. Консервоториядан сабақтан келе жатқанымызда "Ұлтшылдығын көріп пе едің?" дейді ғой. Сонда аялдамада орыс жігітпен тұрған қызға пышақпен барып, өзге ұлттың баласымен не істеп жүрсің, қарныңды жарамын дегенді айтқан деп жамандап жазып беріпті. Ол рас. Бірақ тергеуші білмейді ғой стадионда не болғанын. Сол сұрамаған нәрсені жазып берген. Кейіннен сондайлар өсті ғой. Сатқын болған, КГБ-ның агенті болғандар. Әлі күнге билікте сондайлар отыр", - дейді Хасен Қожа-Ахмет.
Сондай-ақ, ол бүгінде бірнеше ауылда әкім болған Шажабаевтың да әрекетіне тоқталады. Сөзінше дәл сол азамат композиторды КГБ-ға ұстап берген екен.