Friday, 22 November,2024

Киікті атуға рұқсат берген билік елік атқан зейнеткерді жазаға тартты

Uaqyt.info
Фото Polisia.kz

Шығыс Қазақстан облысында заңсыз елік аулаған ауыл тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

"Браконьер" жедел-профилактикалық іс шарасын өткізу барысында Алтай қаласының шыға берісін  патрульдеу кезінде полиция қызметкерлері ВАЗ-2121 автокөлігін тоқтатқан.

66 жастағы ер адамның көлігінің салонын тексеру кезінде тәртіп сақшылары жабайы жануардың, болжам бойынша, еліктің етін байқаған.

Табиғатқа келтірілген залал 2,4 млн теңгеден асады.

Сонымен қатар күдіктінің көлігінен ТОЗ мылтығы тәркіленген.

ҚР ҚК 337-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Ұсынылатын