Saturday, 18 May,2024

Килиан Мбаппе жанкүйер қыздың тұмсығын бұзды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

ПСЖ футбол клубының шабуылшысы Килиан Мбаппе жанкүйердің бірінің тұмсығын бұзды. Оқыс жағдай Франция-Страсбур матчында болды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Instagram әлеуметтік желісінде пайда болған видеоға қатысты түрлі пікір жазылып жатыр. Онда танымал футболшының жанкүйер қызды жұбатып тұрғанын көруге болады. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, футболшының тепкен тобы трибунаға ұшып, жанкүйерлердің бірінің тұмсығына тиген.

Алған соққыдан қыздың мұрны қанап, оған дәрігерлер көмекке келеді. Ал өз әрекеті үшін қыздан кешірім сұраған Мбаппеге халық қолдау көрсетіп жатыр.  

Ұсынылатын